Алматы өте лас және жағымсыз – шахмат шебері Магнус Карлсен

Әлемнің ең үздік шахмат шеберлерінің бірі норвегиялық Магнус Карлсен америкалық журналист Джо Роганның подкасында қонақта болып, Алматы қаласы туралы ойын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Алматыда 2022 жылы жылдам шахматтан әлем чемпионаты өтті. Аталған жарыста Карлсен жеңімпаз атанды.

Шахматтан әлем чемпионаттары түрлі жерде өтеді. Солардың бірі – Алматы. Бұл қала, әсіресе қыста, өте лас және жағымсыз, - деді Карлсен.

Оның айтуынша, қаланың экологиясы әбден бүлінген, ауасы ластанған. Соның салдарынан Алматыға шетелдіктердің қызығушылығы жоқ. Карлсен жарыс кезінде таза ауа іздеп тауға кетіп қалыпты. Соның салдарынан ойынға кешігіп келген. Дегенмен, бұл оның чемпион атануына кедергісін келтірмеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Шахмат федерациясы
Өзгелердің жаңалығы