Алматы-Өскемен жолында автобус пен жүк көлігі соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Бүгін шамамен таңғы сағат 08:20-да Алматы-Өскемен автожолының 681-шақырымында Yutong маркалы автобус пен КамАЗ-5320 жүк көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Абай облыстық Полиция департаменті мәлімдеді.

Автобус жүргізушісі оқиға орнында қаза тапты. 3 адам медициналық мекемеге жүгініп, тексеруден кейін үйлеріне жіберілді. Аталған дерек бойынша жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері мен сот сараптамалары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеудің өзге деректері жария етілмейді, – делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Абай облысы полиция департаментінен
Өзгелердің жаңалығы