15 Қаңтар 2025 2025, 09:35
Фото: Скрин
"Алматы-Өскемен" жолында 18 көлік соқтығысқан жол апаты болды
Оқыс оқиға таңертең сағат 07:30-дар шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының 28 шақырымында "Алматы-Қонаев" бағытында қалың тұман кезінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқыс оқиға таңертең сағат 07:30-дар шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының 28 шақырымында "Алматы-Қонаев" бағытында қалың тұман кезінде болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала белгілі болғаны жол апатына жүргізушілердің айнала көрінуі шектеулі кезде жылдамдық режімі мен қауіпсіз ара қашықтықты сақтамауы себеп болған,- деп мәлім етті "ҚазАвтоЖол" АҚ.
Алты жолақты жол құрғақ болған әрі жолда ешбір кедергі болмаған.
Жол апатынан ешкім зардап шекпеген. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Қазіргі таңда жол бойынан 18 көліктің 16-сы шығарылды. Екі көлік бөлгіш жолақтың бойында эвакуатор қызметін күтуде.