Алматы-Өскемен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
Алматы облысы Қонаев терминалы ауданындағы тасжолда бір адамның өмірін қиған жол апаты болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Chevrolet Cobalt жүргізушісі Алматы-Өскемен автожолының 25-шақырымында рөлді басқара алмай, бетон қоршауға соғылып, содан кейін инерция бойынша алдында тұрған Hyundai Sonata автокөлігімен соқтығысқан.
Алматы облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet cobalt жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болған. Жол апаты дерегі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Астана этноауылдарында финалдық концерттер өтті
Өзгелердің жаңалығы