21 Қараша 2026, 16:16
Фото: видеодан скриншот
Алматы – Өскемен тасжолында DAF жүк көлігі өртенді
Өрт автожолдың 302-шақырымында болған. Жүргізуші зардап шеккен жоқ.
21 қарашада Алматы – Өскемен тасжолының 302-шақырымында DAF жүк көлігі өртенді.
Полиция мәліметінше, көлік қозғалыс кезінде жүк көлігінің алдыңғы бөлігі тұтанған. Кабинада тек жүргізуші болған. Ол зардап шеккен жоқ.
Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.