27 Қараша 2022 2022, 01:11
Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды
Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы - Өскемен тасжолында бес көлік соқтығысып, төрт адам мерт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 26 қараша күні кешке Көксу ауданында Volvo жүк көлігі мен Lexus 570, Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Passat маркалы көліктер соқтығысқан.
Автокөліктер Алматы - Өскемен тасжолының 187-ші шақырымында төмен түсу кезінде соқтығысқан.
Оқиға орнында 4 адам қаза тауып, тағы бірнеше адам ауруханаға медициналық тексеруге жеткізілді.