«Алматы-Өскемен» тасжолы жабылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында көлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беріледі.

Шығыс Қазақстан облысында ауа райының нашарлауына байланысты 22 қараша күні сағат 17.30-дан бастап Алматы облысындағы «Алматы-Өскемен» автожолындағы 558-615 шақырымында, атап айтқанда, Үшарал қаласы мен Шығыс Қазақстан облысының шекарасы аралығындағы учаскеде («СITIC Cоnstraction» реконструкциялау учаскесі) қоғамдық автокөліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы