27 Маусым 2026, 11:49
Фото: depositphoto.com
Алматы – Өскемен тас жолындағы жантүршігерлік жол апатынан бес адам қаза тапты
Жол апатынан тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.
Алматы – Өскемен тас жолында екі көлік соқтығысып, салдарынан бес адам қаза тапты.
Жол апаты болған жерден түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Жетісу облысы полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні кешкі уақытта автожолдың 432-шақырымында болған. Оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы көз жұмған. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.
Жол апаты салдарынан оқиға орнында екі жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты. Тағы екі жолаушы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Оның аясында жол апатының барлық мән-жайы мен себептері анықталуда, – деп мәлімдеді полиция.
- Қазақстанның кинопрокат нарығына бірыңғай ережелер енгізілуі мүмкін 01:42
- 11 тамызға арналған валюта бағамы 00:45
- Алматы тауларында жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды 10.08.2026
- Қазақстан таеквондодан Ресейде өткен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде үш медаль жеңіп алды 10.08.2026
- Петропавлда бес жасар бала қонақүй терезесінен құлап кетті 10.08.2026
- «Ақ Жол» жемқорлардың «Лазурный жағалауға қашып кетуіне» жол бермеуді ұсынды 10.08.2026
- "Неғұрлым Құнанбайлар көп болса, соғұрлым Абайлар көп болады": Ходжаназаров бай азамат – бай мемлекеттің негізі екенін айтты 10.08.2026