Алматы - Өскемен тас жолында жол-көлік оқиғасы орын алды

Жол-көлік оқиғасы Жетісу облысы Көксу ауданында тіркелді. Алматы - Өскемен тас жолының 203-шақырымында Toyota Gracia автокөлігі мен Mercedes-Benz эвакуаторы соқтығысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Оқиға орнынан аудандық ауруханаға алты адам медициналық тексеруге жеткізілді. 

Олардың бірі - кәмелетке толмаған бала. Жүргізушілердің қайсысы жол апатына себеп болғаны тергеу барысында анықталады. 

Оқиға орнында патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмысын жалғастыруда. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Polisia.kz
Өзгелердің жаңалығы