Алматы Оңтүстік Кореямен денсаулық сақтау саласында серіктестік орнатпақ
Алматы қаласы мен Пусан қаласының Со-гу ауданы (Корея Республикасы) денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Келісім конференция, семинар, тренинг және қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы тәжірибе мен білім алмасудың басқа да нысандары сияқты бірлескен іс-шараларды өткізуді көздейді.
Құжатқа Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Назгүл Иманғалиева мен Пусан қаласы Со-гу ауданының мэрі Гонг Хан Су қол қойды.
Тараптар ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында да серіктестік орнатады. Бұл Алматы мен Корея Республикасының ғалымдарына халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған түрлі жобалармен бірлесіп жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Екі тарап та қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті, бұл меморандумды берік және жан-жақты серіктестік жолындағы маңызды қадам деп санайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қытайға ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты екі есе өсті
Келесі жаңалық
“Жан Шуақ” сыйлығының лауреаттары марапатталды
Өзгелердің жаңалығы