Алматы оқушыларын алдағы тоқсанда не күтіп тұр?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов онлайн брифингте IV тоқсандағы оқыту форматы туралы айтты.
Алматы қаласы қазіргі уақытта «қызыл» аймақта және эпидемиологиялық жағдай нашарлап барады.
Осыған байланысты, коронавирустық инфекция бойынша эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы жағдайында мектептердің оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз ету үшін Алматы қаласы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен 2020-2021 оқу жылының соңына дейін жалпы білім беретін мектептердің 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушыларын қашықтан оқыту форматына көшіру шешімін қабылдады. Сондай-ақ ата-анасының өтініші бойынша балалар саны 15 адамға дейін 1-ден 5-сыныпқа дейінгі, 9 және 11 (12) сынып оқушыларына кезекші сыныптарға рұқсат беру туралы шешім шығарылды, - деді Жұманов.
Бүгінгі таңда қаладағы барлық мектеп санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дезинфекциялаушы құралдармен 100% қамтамасыз етілген.
Қалада жалпы контингенті 287 мыңнан астам оқушыны құрайтын 278 мектеп бар, оның 207-сі мемлекеттік, ал 71-і - жекеменшік мектеп.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Ахметжан Есімовті қабылдады
Келесі жаңалық
Түркістан облысында сексеуіл тұқымын себу науқаны басталды
Өзгелердің жаңалығы