Алматы облысының жедел штабы өңір тұрғындарына маңызды үндеу жасады

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев шұғыл жиын өткізіп, жағдайды бағамдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев жер сілкіну жағдайы бойынша шұғыл жиын өткізді.

Қазіргі уақытта аймақтағы жағдай тұрақты, бірақ жедел штаб алдағы іс-шаралар жоспарын талқылауды жалғастырып жатыр. Өңірдегі барлық тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері, полиция бөлімі мен жедел медециналық жәрдем қызметі штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлаймыз.

Таулы аймақтарда қар көшкіні қаупіне байланысты сақ болып, жергілікті атқарушы органдардың нұсқауларын орындау ұсынылады.

Аймақ басшысының нұсқауымен жер сілкінісінен кейінгі ықтимал зардаптарды анықтау мақсатында облыстағы барлық ғимараттар мен құрылыстарға тексеру жүргізілуде. Сондай-ақ зардап шеккендерге көмек көрсету үшін, қабылдау пункттерін дайындау және апаттық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдарын үйлестіру жөнінде тапсырма берілді.

Төтенше жағдайларға жедел назар аудару дайындығы және облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – біздің басты міндетіміз, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: скрин/ @almatregion
Өзгелердің жаңалығы