Алматы облысының Жамбыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы әкімінің өкімімен Ертас Нұрлан Ертасұлы Жамбыл ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хбарлады Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ертас Нұрлан Ертасұлы 1980 жылы туған. Қазақ ұлттық аграрлық университетін инженер-механик мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын «MotoLink» ЖШС бастығы болып бастаған.
Әр жылдарда Алматы облысы Жамбыл аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы, Жамбыл ауданы Теміржол, Мыңбаев селолық округтерінің әкімі, Жамбыл ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.
2015 жылдың ақпан айынан – Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы