Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты 

Алматы облысының Ұйғыр ауданында Сібір жарасын жұқтырған адамдар саны артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әкімдіктің мәліметінше, 9 қыркүйекте 16 адам ауруханаға жатқызылған. Олардың 11-інде "сібір жарасы" диагнозы расталды, төртеуінде нәтиже теріс шықты, тағы бір науқастан алынған сынама нақтылануда.

Барлық науқас қажет ем-дом шараларын қабылдап жатыр, олардың жағдайы тұрақты.

Қазіргі уақытта аурудың таралуы байқалмайды, жағдай бақылауда. Біз өңір тұрғындарын қырағы болуға, ет пен ет өнімдерін тек тексерілген жерлерден сатып алуға, малға күтім жасау кезінде сақтық шараларын сақтауға шақырамыз. Сібір жарасы адамнан адамға жұқпайтынын есте ұстаған жөн, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Алмат Тұрысбекұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: gov.kz
Өзгелердің жаңалығы