Алматы облысының ТЖД қызметі тұрғындарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД қызметкерлері мамыр айындағы мереке күндері көпшілік демалатын орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізді. Бұл туралы облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі хабарлады.   

"Мереке күндері Алматы облысының тұрғындары жаппай көкке шығып, табиғат аясында демалуға шығады. Біреулер кәуап пісіріп жегілері келсе, басқалары орман аралап, жылы күндерде қыдырғысы келеді. Бұның барлығы жақсы, дегенмен орманда жүріп-тұру ережесін де естен шығармаған дұрыс. Көп жағдайда ормандағы өрттер адамның кесірінен орын алады", - деді ТЖД қызметкерлері.   

Көкке шығып, демалудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталмас үшін Алматы облысы ТЖД қызметкерлері 8-12 мамыр аралығында облыс тұрғындарының сүйікті жерлерінде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.   

Іс-шара барысында ТЖД қызметкерлері табиғат аясында демалушыларға негізгі қауіпсіздік ережелерін түсіндірді, сондай-ақ өртке қарсы тақырыпта агитациялық материалдар таратты.   

Алматы облысының ТЖД қызметі облыс тұрғындары мен қонақтарын табиғат аясында қауіпсіз демалу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады:   

⁃ Далада от жақпау;
⁃ Сөндірілмеген темекі мен сіріңкені жерге тастамау;
⁃ Шөпке от жағып, тұтандырмау;
⁃ Жанғыш заттар сіңірілген материалдарды тастамау;
⁃ Сынған әйнек пен бөтелкелерді тастамау керек, себебі олар от тұтандыратын линзаға айналуы мүмкін.   

 Сонымен қатар судың жағасында демалудың қауіпсіздік ережелерін естеріңізге саламыз:
⁃ егер сіздің демалысыңыз өзен-көлдің жағасында өтетін болса және сіз шомылғыңыз келсе, сақтық шараларын ұмытпаңыз. Суда жүзе алмайтын, ішімдік ішетін адамдардың суға мүлдем түспегені дұрыс.  
⁃ балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы