Алматы облысының тұрғынынан бес тонна қарасора мен қару тәркіленді

Алматы облысының полицейлері ҰҚК қызметкерлерімен бірлесіп, Балқаш ауданы аумағында есірткіні заңсыз өсіру дерегін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Күдіктінің ауданы бір гектар болатын жер учаскесінде құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктердің тұтас плантациясы табылды. Дақылдардың жалпы салмағы бес тоннаға жуықтайды.

Тінту кезінде құқық қорғау органдары жер иесінен екі мылтық, үш тегіс ұңғылы мылтық, т.б. заттарды тәркіледі.

1951 жылы туған ер адамға қатысты бірден екі қылмыстық іс басталды. Қажет сараптамалар тағайындалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы