Алматы облысының тұрғыны полиция қызметкерін атып тастады
Шелек ауылының тұрғыны күйеуінің қол көтергенін айтып полицияға хабарласқан. Қоңырау түскен үйге барған екі полиция қызметкерінің бірін үй иесі мылтықпен жаралаған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдай 17 сәуір күні болған. Оқиға орнына келген құқық қорғау органының қызметкерлері күдіктімен аулада кездесіп, жауап алуға тырысқан. Алайда ол үйге кіріп, мылтық алып шыққан және полиция қызметкерлеріне қарай бір рет оқ атқан.
Оң жақ білегінен оқ жарақатын алған қызметкерлердің бірі ауылдың орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді.
Полицейлер ер адамды қолға түсіріп, 12 калибрлі ИЖ-27 тегіс ұңғылы аңшы мылтығын тәркіледі.
Күдіктіге ҚР ҚК 380-бабының 5-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сенатор мүгедек балалардың саны өсіп бара жатқанын айтты
Өзгелердің жаңалығы