Алматы облысының тауларында жасөспірім құтқарылды
Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Талғар ауданындағы биіктігі 2 600 м "Үлкен Алматы шыңы" тауында 16 жасар жасөспірімді құтқарып, төменге түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлім етті.
Белгілі болғандай, ол күндіз тауға көтеріліп, өздігінен түсе алмаған.
Жас туристке медициналық көмек қажет болмады, - деп атап өтті ведомстводан.
ТЖМ таудағы қауіпсіздік шараларын сақтауды еске салады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы