Алматы облысының тауларында туристер қапаста қалды
Алматы облысының тауларында туристер қиын жағдайда қалды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
ТЖМ дерегінше, құтқарушыларға 1986 жылы туған әйел жүгінген.
Ол Алматы облысының тауына көтерілген, бірақ денсаулығының нашарлауына байланысты өздігінен түсе алмады, – делінген хабарламада.
ТЖД қызметкерлері Тұйықсу бақылау-құтқару пунктінен шығып, Солтүстік Талғардың жоғарғы бөлігіне қарай бағыт алып, зардап шеккен әйелді қасындағы ер адаммен бірге төмен түсірді. Кейін оларды Төтенше медицина орталығының бригадасына тапсырды. Әйел ауруханаға жатудан бас тартты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы