6 Қазан 2026, 04:27 Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Алматы облысының тауларында адасып кеткен екі жасөспірім құтқарылды

Жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Алматы облысының Қарасай ауданында 3680 метр биіктікте екі жасөспірімге құтқарушылар көмек көрсетті.

Оқиға «БАП» шыңының маңында болған. 2008 жылы туған жасөспірімдер таудан түсіп келе жатып, бағытынан адасып кеткен.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел ден қою орталығының құтқарушылары оларды тауып, «Аю-Сай» бөгетіне дейін алып барған. Жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж болмаған.

Кейін оларды туыстары қарсы алып, қалаға жеткізді.

Құтқарушылар тауға шығатын азаматтарға маршрутты алдын ала жоспарлап, ауа райын ескеруді және жақындарына жүру бағыты мен қайту уақытын хабарлауды ескертеді.