Қарлы боранда Алматы облысында ондаған көлік жолда қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тас жолдарында ондаған көлік қарлы боран астында қалды, полицейлер жүргізушілер мен жолаушыларды құтқаруды өз қолдарына алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Райымбек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері аудан тұрғындары мен қонақтарына қар құрсауынан шығуға көмектесуде. Ауа райының нашарлауына байланысты облыстың көптеген автожолдарында осындай проблемалар туындауда.
Райымбек ауданының ПБ ЖПҚБ учаскелік полиция инспекторлары, атап айтқанда Кенже Болатхан мен Мажен Әліби боран салдарынан жолда қалып қойған адамдарға көмектесу үшін аудан автожолдарын патрульдеуде. Олар сондай-ақ асфальтты қардан үзіліссіз тазартатын қар жинайтын машиналарды осы қиын жерге тартуда, – дейді Райымбек ауданының ПБ бастығы Мұрат Нұрдәулетов.
Естеріңізге сала кетейік, республикалық және облыстық маңызы бар көптеген жол қатты жел мен қалың тұманға байланысты жабылды. Ал полицейлер өз кезегінде бұл орындарда тәулік бойы кезекшілік атқаруда.
Қатты боранға қарамастан, тұрғындар мұқтаждықтарына байланысты жол жүріп, ұзақ сапарға шығады. Сапар барысында сіздерден бұл туралы таныстарыңызға және туыстарыңызға хабарлауларыңызды сұраймыз. Қосалқы жылы киімдерді, сіріңкелерді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасын өзіңізбен бірге алыңыз, – деп толықтырды ол.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Бүгінгі күннің сезімі осы. Саиров алғашқы сезімімен бөлісті
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталуы керек
Өзгелердің жаңалығы