Алматы облысының тәртіп сақшылары шомылу аймақтарына рейд жүргізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының тәртіп сақшылары шомылу аймақтарына рейдтік жұмыстар жүргізуде, деп хабарлады Polisia.kz. 

Райымбек ауданының полицейлері аудан аумағындағы суға шомылу аумақтарында рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. 

Бұл рейдтің негізгі мақсаты – тұрғындардың, соның ішінде, балалардың судағы жүріс-тұрыс қағидаларын, қауіпсіздік шараларын сақтауын қадағалау. Өйткені тұрғындармен профилактикалық әңгіме жүргізу, қайғылы салдар статистикасымен танысу су объектілерінде төтенше жағдайларды болдырмауға көмектеседі, – дейді Райымбек АПБ бастығы Мұрат Нұрдаулетов. 
Іс-шараға Райымбек аудандық полиция бөлімі ЖПҚБ ЮПТ-ның инспекторларымен қатар аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері де қатысты. Рейд кезінде тұрғындарға, жас жеткіншектерге түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы