Алматы облысының полиция департаментіне жаңа басшы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Ішкі істер министрінің бұйрығымен Мейрам Әбікеев облыстық полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды.
Полиция полковнигі бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы ІІД бастығының орынбасары болған.
Аудан әкімнің бірінші орынбасары, ардагерлер кеңесінің төрағасы және қоғамдық кеңес төрағасы Мейрамды жақсы танитындарын айтып, осы қызметке тағайындаған министрге алғысын білдірді.
Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі басшысының бұйрығымен келесілер қызметінен босатылды:
Алматы облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Серік Шалқаров;
Талғар аудандық полиция бөлімінің бастығы Нұржан Күнтүнов;
Полиция департаментінің Алматы облысы бойынша экстремизмге қарсы күрес басқармасының басшысы Ұлан Байтақов;
Алматы облыстық полиция департаменті криминалдық полиция басқармасының бастығы Руслан Смағұлов;
Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Дулат Қайыр;
Алматы облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Жанат Омаров қызметтен босатылды.