Алматы облысының полицейлері жоғалған 1,2 млн теңгені иесіне қайтарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері жоғалған 1,2 млн теңге қаражат салынған сөмкені иесіне қайтарды, деп хабарлады Polisia.kz.
Алматы облысының тұрғыны Айжан Атенбекова Алматы облысы полиция департаментінің басшылығына жазған хатында әйелдің таксиде қалдырған құнды заттары мен ақшасы бар сөмкені тауып алған Ескелді ауданы қызметкерлерінің жедел әрекеттері үшін алғысын білдірген.
Әйел сөмкесінің жоғалғанын Алматыдан Талдықорғанға барған кезінде байқаған.
Ол Ескелді АПБ-ның кезекші бөліміне көліктің жүк бөлімінен оның жол сөмкесін ұрлаған белгісіз тұлғаға қатысты шаралар қабылдау туралы жазбаша өтінішпен жүгінді.
Полиция қызметкерлері Ғазиз Үржанов пен Ілияс Батырханов аталған фактіні тіркеп, жедел-іздестіру іс-шараларына кірісті. Нәтижесінде жоғалған сөмке ішіндегі барлық затымен қоса иесіне қайтарылды. Ұсталған азаматтың айтуынша, ол өзінің жол сөмкесімен бірге аталған сөмкені кездейсоқ алып кеткен, – деді Ескелді ӨКМ бастығының орынбасары Айдос Есімбеков.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
COVID-19. Азық-түлікті қалай зарарсыздандыру керек?
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы