Алматы облысының Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары референдумға қатысуға дайын
Алматы, BAQ.KZ. Алдағы референдумға дайындық шеңберінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов Алматы облысының өңірлік үйлестірушілеріне арналған оқыту тренингін өткізді. Бұл туралы Партиялық емес байқау орталығы хабарлады.
Трениг барысында байқаушылар қызметінің казіргі мәселелері талқыланды, сондай-ақ байқаушылардың қызметін регламенттейтін заңнамалық нормалар қаралды.
Партиялық емес байқау орталығының төрағасы кездесуге қатысушыларды байқаудың тиімді процесін қамтамасыз ету жөніндегі республикалық штабтың жұмысы туралы, оның ішінде өңірлік штабтармен өзара іс-қимыл, байқаушыларды оқыту және оларды ұйымдастырушылық-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
Референдум-еліміздің тарихындағы маңызды сәт. Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары азаматтардың ерік білдіру бостандығына конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған. Біз референдумның еліміздің заңнамасына сәйкес өтуін қадағалайтын боламыз. Орталықтың еліміздегі барлық филиалдарының басшылары әділ және ашық референдум өткізудің маңыздылығы туралы ақпаратты жеткізу үшін оқыту іс – шараларын, азаматтармен кездесулер өткізуде, - деп атап өтті Төлеген Күнәділов.
Тренинг барысында Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Қазақстанның сайлау заңнамасының және "Референдум туралы" ҚР Заңының негізгі ережелеріне егжей-тегжейлі тоқталды.
Сондай-ақ қоғамдық байқаудың маңызды аспектілеріне - учаскелік референдум комиссиясының жұмыс алгоритміне, байқаушылардың мақсаттары мен міндеттеріне, құқықтарына, сондай-ақ олардың жұмыс принциптеріне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар референдум өткізудің ерекшеліктерін, соның ішінде учаскелік референдум комиссияларының қызметін ұйымдастыру мәселелерін, дауыс беруді өткізу рәсімдерін, сайлау учаскесінде дауыстарды санау және т. б. мәселелерді қарастырды.
Төлеген Күнәділов атап өткендей, орталықтың және оның филиалдарының жұмысы сайлау учаскелерінде байқау мен мониторинг жүргізу арқылы сайлау процесіне жүйелі түрде қатысуға бағытталған.
Оқыту тренингіне қатысушыларға байқаушылар референдум күні басшылық ретінде пайдаланатын әдістемелік материалдар ұсынылды.
Аймақ үйлестірушілері «Референдумды байқау: теория мен тәжірибе» атты интерактивті кейстер мен презентацияны ерекше қызығушылықпен және ілтипатпен қабылдады.
Барлық қатысушылар сайлау процесінде құқықтық білімдерін арттыру мақсатында азаматтарды одан әрі электоралды оқыту бойынша тренер ретінде оқудан өткені туралы сертификаттар алды.
Тренингке қатысушылар Партиялық емес байқау орталығының алдағы референдумда әділеттілік қағидатын сақтауға бағытталған бастамаларына қолдау білдірді.
Кездесу аясында өңірлік штабтардың 2022 жылғы 5 маусымдағы референдумда байқауға қатысуға дайындығы атап өтілді.
Айта кетерлігі, Алматы облысындағы референдум барысына Партиялық емес байқау орталығының 2 мыңнан астам байқаушысы қатысады.