Алматы облысының көлік-логистикалық орталығы «Қазақстан халқына» қорына 450 млн теңге аударды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» ЖШС қорға 450 миллион теңге аударды. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсіпорынның негізгі қызметі астықты қоспағанда, азық-түлік емес тауарларды сақтау болып табылады. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылды, жалпы аумағы 25 гектарды құрайды. 

ЖШС үш сегменттен тұрады: кеден-қойма, экспедиторлық-логистикалық және инфрақұрылымдық қызмет көрсету, бұл тауарлар алмасу көлемін, өткізу қабілетін және еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

2 ақпанда «EUROTRANSIT NUR ZHOLY» компаниясымен бірлесіп, тағы 6 ірі компания «Қазақстан халқына» қорының шотын 2,4 миллиард теңгеге толықтырды. Ал 3 ақпанда Қазақстан игілігіне кәсіпкерлер мен кәсіпорындардан қорға 1,2 млрд теңге аударылған. Салымшылардың тізімі қор сайтында тұрақты түрде жарияланады.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы