Алматы облысының чемпионатында мықтылар анықталды
Жарыс қорытындысы бойынша бірнеше бағытта чемпиондар мен жүлдегерлер анықталды.
Алматы облысында конкурдан өткен чемпионат өз мәресіне жетіп, әртүрлі санат бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.
100 сантиметрлік бағытта (әуесқойлар арасында) Тельман Томирис «Голд» сәйгүлігімен барлық кедергіден айып ұпайынсыз өтіп, 56,47 секунд нәтижемен чемпион атанды. Екінші орынды Александр Кузевуанов («Бон Шеваль») иеленсе, үздік үштікті Элина Герасименко («Валдай») түйіндеді.
12–17 жас аралығындағы спортшылар бақ сынаған 110 сантиметрге дейінгі бағытта Яна Жемчужина «Бавария» атымен жеңіске жетті. Күміс жүлде Алина Бигалиеваға («Hi Diarado»), қола Ансар Жұмабековке («Astra») бұйырды.
130 сантиметрлік бағытта Нурилла Турисбекова «Кьюбель» сәйгүлігімен негізгі кезең мен қайта секіруде де қателік жібермей, бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орын Яна Жемчужинаға («Бавария») бұйырса, үшінші нәтиже Ксения Баталоваға («Леди Ди») тиесілі болды.
5–6 жастағы жас жылқылар арасындағы 120 сантиметрге дейінгі бағытта Бекжан Байжанұлы «Conquistador» сәйгүлігімен топ жарды. Екінші орынды Шыңғыс Маликаждар («Караэль») иеленді.
Чемпионат аясында өткен Six Bar Jump-off сайысында ең жоғары нәтиже көрсеткен Нурилла Турисбекова «Кьюбель» атымен 170 сантиметр биіктікті бағындырды. Екінші орынға Аян Ғани («Froschkonig K») 160 сантиметр нәтижемен тұрақтады. Ал үшінші орынды Бекжан Байжанұлы («First of All») мен Шыңғыс Маликаждар («Манфрет Эвонс») 140 сантиметр көрсеткішімен өзара бөлісті.