Алматы облысының Боралдай кентінде монша өртенді

Алматы облысының өрт сөндірушілері өрттің таралу қаупін жойып, өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

112 қызметіне Боралдай кентінің Еревенская көшесіндегі жеке тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің аумағында моншаның жанып жатқанын анықтады. Өрт аумағы 50 ш.м. құрады. Зардап шеккендер жоқ, - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілер өрттің көрші ғимараттарға таралу қаупін жойды. Ашық жану 40 минут ішінде толығымен сөндірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы