Алматы облысының бас санитарлық дәрігері сөгіс алуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Талдықорған әкімінің баспасөз хатшысы Нұр Қанатұлы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Алматы облысында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерғали Сыдымановпен болған оқиғаға қатысты Алматы облысы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Нұр Қанатұлының мәлімдеуінше, Әдеп жөніндегі кеңес Қазақстанның Денсаулық сақтау министріне санитарлық дәрігерге қатаң сөгіс түріндегі тәртіптік жаза қолдануды ұсынған.

Бірқатар адам дәрігерді жұмыстан шығару керек деп есептегенімен, мен бұл шешімді ең оңтайлы және әділ шешім деп санаймын. Жұмыстан шығармай, сөгіс беруді дұрыс санаймын. Біріншіден, ол өз кінәсін толық мойындап, қала және облыс тұрғындарынан кешірім сұрады. Екіншіден, видеода адамға балағат сөздер айту немесе қорлау, қол көтеру болған жоқ. Үшіншіден, ол денсаулық сақтау саласында тәжірибесі мол және еңбек өтілі бар өз ісінің маманы, - деп жазды Нұр Қанатұлы.

Баспасөз хатшысы дәрігерге мүмкіндік беру керек, оның облысқа, жалпы елге берері көп деп санайды. 

Егер біз әрбір адамды мұндай жұмыстардан босата беретін болсақ, онда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін ешкім қалмайды. Елде онсыз да кадрлардың тұрақтамауына байланысты белгілі бір проблемалар бар. Мен жақында бірқатар азаматтық белсенділерді, блогерлерді, кәсіпкерлерді мемлекеттік қызметке шақырдым, бірақ олар бас тартты. Өйткені, олар мұнда жұмыс көп екенін және оның өте қиын және стрессті екенін жақсы біледі. Ал, жалақы туралы тіпті жазғым да келмейді. Тек мемлекеттік қызметте қарапайым адамдар жұмыс істейтінін ескерсеңіздер екен, - дейді ол.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы