4 Қыркүйек 2026, 09:02
Фото: https://primeminister.kz/
Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Елеусізұлы Сұлтанғазиев Алматы облысының әкімі лауазымынан босатылды, - деп жазылған Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, Марат Сұлтанғазиев өңірді 2022 жылдың маусымынан бастап басқарды. Сол жылдың 1 желтоқсанында ол бұл қызметке қайта тағайындалды.