Алматы облысының 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілді
Алматы облысының 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алматы облысының 62 елді мекенінде электр жарығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әкімдік аудандық электр желілері және «Алатау жарық» компаниясының жедел-көшпелі бригадасына алғыс айтты.
Біз жедел-қалпына келтіру жұмыстары мен диспетчерлерді тамаша үйлестірген жұмысы үшін аудандық электр желілерін және «Алатау жарық» компаниясының жедел-көшпелі бригадаларының барлық қызметкерлеріне алғысымызды білдіреміз, - деп жазды әкімдік.
@talgar_akimat : Талғар қаласы, Белбұлақ, Талдыбұлақ, Бірлік, Тұздыбастау, Гүлдала, Бесағаш, Панфилова, Рысқұлов ауылдары.
@ile_akimat : Жаңадәуір, Қоянқұс, Жаңалық, Байсерке, Ардагер, Жомарт ауылдары мен Ардагер , Ветеран саяжайлары.
@zhambyl_audany : Қарғалы, Қарасу, Мыңбай, Самсы, Балғабек-Қыдырбекұлы, Үмбеталы ауылдары.
@qarasai_akimdigi : Әйтей , Іргелі , Жандосов, Шамалған, Елтай, Береке , Қошмамбет, Жамбыл, Шалқар, Шөтерек, Кемертоған, Көктоған, Тұрар, Жалпақсай ауылы, Құлашы, Батан , Ұлан ауылдары және Рахат саяжайы, Қаскелең қаласы.
@uigur_audany_akimdigi : Сүмбе, Ташқарасу, Арасан ауылдары.
@enbekshikazakh_audan_akimdigi : Тескенсу, Ащысай, Қаратұрық, Лавар, Май , Байсейіт, Массақ, Нұрлы, Малыбай, Қайрат, Жаңа шаруа, Дихан, Ақтоған, Асы-Саға, Қаражота, Көкпек, Бабатаған, Бәйтерек, Азат, Бөлек, Таутүрген, Түрген, Көктөбе ауылдары.
Жұмыстар жалғасуда. Жаңа ақпаратпен қосымша бөлісіп отырамыз.