Алматы облысының "Үздік ауыл әкімі" анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Үздік ауыл әкімі"республикалық конкурсының өңірлік кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

Конкурс қорытындысына сәйкес Алматы облысы Іле ауданы Боралдай кентінің әкімі Данияр Төлеуханұлы Қоңырбаев жеңімпаз атанды және конкурстың республикалық кезеңіне жіберілді, – делінген хабарламада.

Аталған конкурс "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында ұйымдастырлып отыр және қатысушылар жобалық жұмысты қорғау, халықтың бағалауы, эссе жазу, өңірлік комиссиямен әңгімелесу, пандемия кезіндегі қызметі сынды бірнеше кезеңнен тұратын бағалаудан өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы