Алматы облысының тағы бір ауылы карантинге жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысындағы Кеген ауданында тағы үш азаматтан COVID-19 анықталған.
Бүгінгі күні Кеген ауданында коронавируспен ауырғандар саны 6-ға жетті. Сондықтан Кеген ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің арнайы қаулысы шығып, Кеген ауылы уақытша карантинге жабылады, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Пациенттер - 1957, 1971 және 1987 жылы туған азаматтар. Олардың 2-еуі бұған дейін ауырған сырқатпен байланыста болғандықтан Кеген аудандық орталық аурухананың провизорлық бөлімінде карантинде болатын. Енді 3 науқас та Қарасай аудандық орталық аурухананың инфекциялық бөліміне жатқызылады.
Олармен байланыста болғандар – 12 адам. Барлығы оқшауландырылып, эпидемиологиялық тексерулер жүргізілуде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Гарант 24 ломбард": Басты күдікті Молдовадан экстрадицияланды
Келесі жаңалық
Қазақстан мен Ресей агроөнім саудасын жеңілдетеді
Өзгелердің жаңалығы