Алматы облысының диқандарына өрт қауіпсіздігі ережелері ескертілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының диқандарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау ескертілді. Бұл туралы Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі хабарлады.
«Биылғы жаздың құрғақтығын, өткен жылғы өрт қауіпті оқиғалар мен фактілерді ескере отырып, Алматы облысының диқандарына дала жұмыстары кезінде сақталуы тиіс өрт қауіпсіздігі шаралары туралы ескерткіміз келеді. Осы күндері аудан алқаптарында астық пісіп отыр. Өсірілетін егіс алқаптарына да, егін жинау техникасына да ауыр еңбек жемісін бір сәтте күлге айналдыра алатын отты апат қауіпті болып табылады. Бүгінгі күні барлық өсірілген өнімді жинау және сақтау қажет болған жағдайда, кез келген абайсыздық немесе өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу өртке әкелуі мүмкін»,- делінген хабарламада.
Жинау науқаны кезінде де, оның аяқталуы бойынша да өрттің пайда болуының негізгі себептері мыналар болып табылады: егістіктерде фермерлердің сабанды рұқсатсыз жағуы, пайдаланылатын техникадағы электр жабдықтарының ақаулығы, ұшқын сөндіргіштердің болмауы, механизаторлардың дала жағдайында қозғалтқыштардың радиаторларында шаңды жағу үшін ашық отты қолдануы, темекі тұқылының сөндірілмеуі.
Егін жинау кезінде өрт оқиғаларының алғы шарттарына жол бермеу үшін биыл облыстық ТЖД қызметкерлерімен егіс және егін жинау алқаптарында өртті болдырмауға бағытталған бірқатар алдын-алу жұмыстарын жүргізілуде.
«Халықтың азаматтық жауапкершілігін және төтенше жағдайлар кезінде қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін қалыптастыру мақсатында шаруа қожалықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен 5497 адамды қамти отырып, 791 нұсқаулық, 294 жиын және 491 дөңгелек үстел өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында газеттерде 64 мақала жарияланды, теледидар арқылы 22 бейнесюжет көрсетілді және радио арқылы 119 сөз сөйлеу жүзеге асырылды. Құрылған мобильдік топтар 435 рейд жүргізді»,- делінген хабарламада.
Жаңа өнімнің сақталуын қамтамасыз ету ісіндегі маңызды бағыттардың бірі өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау болып табылады. Өрт қысқа уақыт ішінде айлармен, жылдармен жинақталған адамдардың еңбегін жояды. Сондықтан, егін жинау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау – бұл тек өртке қарсы нормалардың талаптары ғана емес, сонымен қатар өмірдің де өз талабы.
Ірі азық дайындау кезінде және ауыл шаруашылығы өндірісінің объектілерінде масақты дақылдарды жинау кезінде өртті болдырмау үшін келесі өртке қарсы іс-шараларды орындау қажет:
- барлық дала жұмыстарына қатысатын тұлғалар өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы нұсқаулықпен танысуы тиіс
- өрт сөндіру құралдары нормаға сәйкес болуын және қолдануға дайын
болуын, дереу пайдалану үшін мүмкіндік жасалуы тиіс
- уақытша электр жарықтандырғыштар, тоқ және жоғарғы кернеулі электр желілері егін және орман алқаптарынан 100 м арақашықтықта орналасуы керек, дала қостары және егін алқаптары ені 4 м кем емес жолағымен жыртылады және «Темекі шегуге арналған орын» деген жазуы бар орын бөлінеді.
- жұмыс жүргізу кезінде, егін алқаптары маңайында, сондай-ақ жанында сабанды және шөпті өртеуге тыйым салынады
- мұнай өнімдерімен толтыру және газ-электрмен дәнекерлеу жұмыстарын жүргізу арнайы құрғақ шөптен, жанғыш қоқыстан тазартылған алаңдарда жүзеге асырылуы тиіс және ені 4 метрден кем емес жолақпен жыртылған болуы тиіс, құрылыстардан 50 м және шөп, сабан, тоқ желілерінен 100 м ара-қашықтықта жүргізілуі тиіс. Жанармай құю жұмыстары кезінде қозғалтқыш өшірілуі тиіс. Түнгі уақытта машиналарға жанармай құюға тыйым салынады.