Алматы облысындағы жаппай төбелестегі жасөспірімнің өлімі: кінәлілер қамауға алынды
Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаменті жауап берді, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Жанжал 16 жасар жігіттің отбасының дүкенінен басталған. Туыстарының айтуынша, сауда нүктесіне келген сатып алушы сыра алып, ақшасын төлеуден бас тартқан. Артынша сатып алушы жанжал шығарып, отбасы мүшелерін пышақтап, жасөспірімнің өмірін қиған.
Полиция департаменті қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынғанын айтты.
Алматы облысының полиция департаменті кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғағанын хабарлайды. Оқиғаның барлық қатысушылары ұсталды және уакытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уакытта істің барлық, мән-жайларының толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істі тергеу Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауына алынды, - дейді Алматы облысы ПД бастығының орынбасары Мәлік Қабдуалиев.