Алматы облысындағы теміржолда пойыз бен көлік соқтығысты

Алматы облысында жүк пойызы Toyota Land Cruiser көлігімен соқтығысты. Оқиға 15 маусым күні таңғы уақытта «Жетісу – Алтынкөл» бағытындағы Жінишке су – Шелек теміржол өткелінде тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Теміржол өткеліндегі бағдаршам мен шлагбаум белгісіне қарамастан, жүргізуші өткелге кіріп кеткен. Соның салдарынан жүк пойызымен соқтығысып, жол-көлік оқиғасы болды», – деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» баспасөз қызметі.

Жол апатынан адам өлімі тіркелген жоқ. Көлік жүргізушісі қолын сындырып, ауруханаға жеткізілді.

Пойыз қозғалысы 30 минутқа кешіктірілді, кейін қайта қалпына келтірілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: istockphoto.com
Өзгелердің жаңалығы