Алматы облысындағы Есік көлінде демалушылардан заңсыз төлемдер алынған

Желіде Есік көліне демалуға барған демалушылар шағымданған видеолар пайда болды. Онда азаматтардан жекеменшік деген желеумен ақша алынғаны айтылған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Демалушылардан Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық паркіне кіреберісте экологиялық бекеттен ресми төлем алынса, 10 шақырым өткеннен кейін жекеменшік деген желеумен тағы да адам басына 2 мың, жеңіл көліктерге 2,5 мың, мироавтобустар 5 мың, үлкен автобустар 20 мың теңге алынған.

Облыс әкімдігінің мәліметінше, "Хабель" ЖШС-мен жасалған сенімгерлік басқару шартына сәйкес туристерден төлемақы алу қарастырылмаған.

Басқарушының мұндай әрекеттері оның өкілеттігінен тыс әрі шарт талаптарын бұзады. Көліктерден алынатын төлемақы тек Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында заңнамаға сәйкес белгіленген. "Хабель" ЖШС-на заңсыз төлемақыны тоқтату және орнатылған шлагбаумдарды алып тастау туралы хабарлама жолданды, – деді Алматы облысы әкімдігінен.

Әкімдік 17 тамыздан бастап Есік көліне кіреберістегі шлагбаумдар алынғанын атап өтті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы