Алматы облысындағы бірқатар елдімекенде газ беру тоқтатылады

Облыс аумағында 19 қарашада ТЭЦ-3-ке жаңа газ құбырын қосу бойынша жұмыстар жүргізіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Алматы өндірістік филиалы мәлімдеді.

Алматы облысы Іле ауданының келесі елдімекендеріндегі 4449 абонентке көгілдір отын беру уақытша тоқтатылады:
* Көктерек ауылы
* «Энергетик» саяжай-кооперативі
* Байсерке ауылы
* «Проектировщик» саяжай-кооперативі
* «Надежда» саяжай-кооперативі.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аталмыш елдімекен тұрғындарынан:
* жұмыстар аяқталғанға дейін газ шүмектерін жауып қоюды;
* «QazaqGaz Aimaq» АҚ Алматы өндірістік филиалы мамандары іске қосу шараларын толық аяқтамайынша газ шүмектерін ашпауды сұрайды.

«QazaqGaz Aimaq» АҚ аталмыш жұмыстардың мегаполистің экологиялық ахуалын жақсарту мақсатында ТЭЦ-3-тің табиғи газға көшірілуіне байланысты жүргізіліп жатқан кешенді жұмыстар екенін хабарлайды. Сұрақтарыңыз болса, 104 нөмірі бойынша газ қызметіне хабарласа аласыз. Уақытша келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және тұтынушылар тарапынан түсіністікке сенім артамыз. Барлық жұмыстар газ желілерін қауіпсіздікпен және тұрақтылықпен қамтамасыз етуге бағытталған, - деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы