28 Шілде 2026, 23:55 Фото: "ҚазАвтоЖол" ҰК баспасөз қызметі

Алматы облысындағы автожолдың бір бөлігінде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

«ҚазАвтоЖол» жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысындағы республикалық маңызы бар «Алматы – Төңкеріс – Байсерке – Междуреченск» автожолының 19+300 шақырымындағы көпірде жөндеу жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.

Осыған байланысты 2026 жылғы 30 шілде мен 25 тамыз аралығында аталған учаскеде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы арнайы ұйымдастырылған айналма жол арқылы жүзеге асырылады. Жүргізушілерді алдын ала ақпараттандыру үшін учаскеде уақытша жол белгілері орнатылады.

«ҚазАвтоЖол» жол қозғалысына қатысушылардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және сапар бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.