Алматы облысындағы ауыл көшелерін су алды
Алматы облысының Жібек жолы ауылын су басып жатыр, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Аталған жағдайға Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі жауап берді.
Жібек жолы ауылы, Қарасу, Ақдала, Ақсу, Ақ жазық, Көкқайнар, Бөгенбай батыр, Баласаз, Жиделі көшелерінде жер астынан шыққан сулар жиналу жағдайлары орын алуда. Қазіргі таңда әкімдік тарапынан арық жүйелерін қазу және арнайы техникалармен суды сорғызу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгінде облыс аумағында төрт шақырымнан аса арық жүйелері қазылған. Қазіргі таңда аталған аймақта жағдай қалыпты және тұрақты бақылау жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Су тасқыны, эвакуация: БҚО-да жағдай қалай
Өзгелердің жаңалығы