3 Тамыз 2026, 21:49 Фото: Скриншот

Алматы облысындағы Ақсай шатқалында қоқыс өртенді

Қазір оқиға орнында жерді рекультивациялау, аумақты топырақпен жабу және түтіндеп жатқан ошақтарды толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Алматы облысы Қарасай ауданындағы Ақсай шатқалында, «Ақсай» карьері аумағында қоқыс өртенді.

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жедел жетіп, өртті оқшаулады. Ведомствоның мәліметінше, жалынның жақын маңдағы аумақтарға таралу қаупі жоқ.

Өртті толық сөндіру жұмыстары қиын рельефке байланысты күрделеніп отыр. Түтіндеп жатқан ошақтар арнайы техниканың жетуі қиын тік беткейде орналасқан. Сонымен қатар, қатты жел түтіндеу ошақтарының таралуына ықпал етіп, жұмыстарды қиындатуда.

Қазір оқиға орнында жерді рекультивациялау, аумақты топырақпен жабу және түтіндеп жатқан ошақтарды толық сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жағдай ТЖМ бақылауында.