Алматы облысында жыл басынан бері 1056 жол апаты болған

Алматы, BAQ.KZ. Жол апатынан 176 адам қаза тапса, 1589-ы түрлі дене жарақатын алған. Бұл туралы аймақтағы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары «Қауіпсіз жол» акциясын өткізіп жатыр. Шілденің 15 мен тамыз айының 14 аралығында жол қозғалысы ережесін бұзатындарды анықтау мақсатында рейд жүргізу қолға алынған.

Қазір жол апатының алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ жүргізушілерге жол ережесін сақтауға үгіттейтін кітапшаларды табыстап жатырмыз,-дейді Алматы облысы жергілікті полиция басқармасы басшысының орынбасары Айдос Жүнісов.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы