10 Сәуір 2022 2022, 14:31

Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап кетті

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап, көлік жүргізушісі мерт болды. Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысында жүк көлігі тау шатқалына құлап, көлік жүргізушісі мерт болды.  Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің  баспасөз қызметі хабарлады.

9 сәуірде сағат 15.30-да Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Ескелді ауданы, Черкасай шатқалында «Газ-66» автокөлігі тау жолынан шатқалға аударылып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. 1969 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты, 1990 жылы туған азамат жарақат алды, - делінген хабарламада.