Алматы облысында жүк көлігі мен «Жигули» соғылып, екі адам қаза болды
Алматы облысы Жетіген кентінде ВАЗ маркалы автокөлігінің жүргізушісі КАМАЗ жүк көлігіне соғылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, салдарынан жеңіл машинаның жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмған.
1 желтоқсанда сағат 18:00 шамасында Жетіген кентінде 26 жастағы ВАЗ маркалы автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай», КАМАЗ жүк көлігіне соғылған. Жол апатынан алған жарақатынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Аталған факт Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 345-бабы бойынша тіркелді.
Қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Белгілі қазақ спортшысы қайтыс болды
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы