26 Ақпан 2024 2024, 09:45
Алматы облысында жолда қалып қойған адамдар құтқарылды
Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Зардап шеккендерге медициналық көмек қажет болмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін Алматы облысының Жамбыл ауданында сағат 04:37-де Тарғап ауылынан 13 км қашықтықта далада жүк және жеңіл автокөліктерінде адамдар тұрып қалғаны туралы хабарлама келіп түсті.
ТЖД 2 қызметкері 1 техниканың көмегімен 3 адамды құтқарып, елді мекенге эвакуациялады. Медициналық көмек қажет болған жоқ, - делінген хабарламада.