Алматы облысында жол апатынан үш аптада 10 адам мерт болды

Биыл 73 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 125 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы облысының Алматы облысы ПД баспсөз қызметінің басшысы Ернар Сайділдин мәлімдеді.

Жыл басынан бері Алматы облысының аумағында 73 жол-көлік оқиғасы орын алып, нәтижесінде 10 адам қаза тауып, 125 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Апаттардың негізгі себептері-жол қозғалысының қарапайым ережелерін бұзу және жүргізушілердің назарынан тыс қалу. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін полиция қызметкерлері жол қозғалысына қатысушылармен күнделікті профилактикалық әңгімелер өткізіп, жолдарда ережелерді сақтау және сақтықты арттыру қажеттігін еске салады. Қиын ауа-райында апаттардың санын азайту және жол қозғалысының барлық қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тәуекелі жоғары учаскелерде патрульдеу күшейтіледі,- деді Ернар Сайділдин.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы