Алматы облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Алматы облысында жол апаты болып, үш адам көз жұмып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы ҚазАвтоЖол компаниясы мәлім етті.

23 наурызда сағат 14:45 шамасында Алматы облысы аумағындағы "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 2460 шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды. Алдын ала мәліметке сәйкес, "Daewoo" көлігінің жүргізушісі көлікке ие бола алмай, қарсы жолаққа шығып кетіп, "DAF" жүк көлігімен соқтығысқан. Осы оқиға салдарынан 3 адам қаза тауып, 2 адам жарақат алды, – делінген республикалық маңызы бар жолдардың ұлттық операторы таратқан хабарламада.

Белгілі болғандай, оқиға орнында тиісті жол белгілері орнатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ -архив
Өзгелердің жаңалығы