Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза тауып, төртеуі жарақат алды

Облысқа қарасты Жамбыл ауданындағы «Алматы-Бішкек» автожолының 76-шақырымында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аталған жағдайға Алматы облысының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Алдын ала болжам бойынша, дөңгелектің жарылуына байланысты Nissan Elgrand көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, Toyota Land Cruiser 300 автокөлігімен соқтығысты. Кейін инерция бойынша Nissan Elgrand ағашқа соғылған. 

Апат салдарынан Nissan Elgrand жолаушысы салоннан қарама-қарсы жолаққа ұшып кетіп, Lexus GS 300 көлігінің астына түсті. Жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар тағы төрт жолаушы аудандық ауруханаға жатқызылды. ЖКО фактісі бойынша қажетті сараптамаларды тағайындаумен қылмыстық іс қозғалды, - деді Алматы облысының ПД ЖПҚБ бастығы Мұрат Қалиасқаров. 

Өңір полициясы жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен қауіпсіздігі олардың әрекеттеріне байланысты екенін есте сақтауға шақырады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы