Алматы облысында жол апатынан бір адам қаза болды

Оқиға 7 ақпан күні Жамбыл ауданы Үңгіртас ауылының маңында Алматы-Бішкек автожолының 82-шақырымында 8 автокөліктің қатысуымен болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Апат салдарынан Mercedes жеңіл көлігінің 34 жастағы жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. 

Ұзынағаш ауылының ауруханасына 1958, 1978 және 1984 жылғы үш адам жеткізілді, олардың екеуі автобус жолаушысы. 

Аталған дерекке қатысты Жамбыл ауданы ПБ-да ҚК-ның 345-бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы