Алматы облысында жол апатынан әйел адам мен нәресте көз жұмды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында жол апаты салдарынан 47 жастағы алматылық және тоғыз айлық нәресте көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz. 

16 желтоқсанда сағат 14:00 шамасында Еңбекшіқазақ ауданы Қайназар ауылының 26 жастағы тұрғыны Chevrolet Cruze автокөлігін басқарып, өзімен бірге Алматы қаласынан жолсеріктерді алып, Жамбыл ауданы Жаңақұрылыс ауылының батыс бағытында 58 километрде Алматы-Бішкек автожолымен жүріп келе жатқан 59 жастағы Сарыбастау тұрғынының басқаруымен ВАЗ-21063 автокөлігімен соқтығысқан.

 Апат салдарынан Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматы қаласының 21 және 30 жастағы тұрғыны 9 айлық баласымен ауруханаға жеткізілді. Алматы қаласының 47 жастағы тұрғыны оқиға орнында көз жұмды. Бала алған жарақатынан емдеу мекемесінде екі сағаттан кейін қайтыс болды. 

ВАЗ-21063 автокөлігінің жүргізушісі мен оның жолаушысы Сарыбастау ауылының 59 жастағы тұрғыны түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Аталған факті ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі (Автомобильді басқаратын адамның екі адамның өліміне әкеп соққан Жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша СДТБТ-де тіркелді. Chevrolet Cruze автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы